Біздің компанияның мақсаты – қызмет көрсетудің тұрақты жоғары сапасындағы өнімнің кең ассортиментін ұсыну.

«БРК-Лизинг» АҚ

«БРК-Лизинг» акционерлік қоғамы «Қазақстан Даму Банкінің» еншілес ұйымы болып табылады және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді. Компания 2005 жылғы 6 қыркүйекте «Қазақстан Даму Банкі» ұсынатын ҚР-ны индустриалды-инновациялы дамыту стратегиясын іске асыру аясында инвестициялық жобаларды қаржыландыру инструменттерін кеңейту мақсатында құрылды.

«БРК-Лизинг» АҚ жалғыз құрылтайшысы «Қазақстан Даму Банкі» АҚ болып табылады. «БРК-Лизинг» АҚ динамикалық түрде өсіп отырған жарғылық капиталы қазіргі уақытта 22 млрд. теңгені құрап отыр, Даму Банкі, өзінің мүмкіндіктері мен жоғары кредиттік рейтингін пайдалана отырып, өзінің шарттарымен еншілес лизингті компания үшін қарыз капиталын тартуға ықпал етеді. Осымен төмен пайыздық ставкалар, қаржыландырудың ұзақ мерзімі және басқа да шекті пайдалы шарттар түсіндіріледі.

Коммерциялық лизингті компанияларға қарағанда «БРК-Лизинг» пайда көруге емес, ал ірі масштабты жобаларды, республиканы индустриалды-инновациялық дамытудың тиісті стратегияларын инвестициялауға бағытталған. Экономиканың басым секторлары болып өңдеуші өнеркәсіп, өндірістік және көлік инфрақұрылымы шығады. «БРК-Лизинг» қызметінің негізгі бағыты халықаралық мәндегі алдағы жобаларды; технологиялық түрде байланысты өндірістер тізбегін құрайтын, жоғары қоса берілген құны бар өнімді шығаратын, қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарыққа шығу позициясы тұрғысынан перспективалы жобаларды іске асыру болып табылады.

«БРК-Лизинг» АҚ қызметінің басым бағыттары мыналар:

Компания қызметінің негізгі бағыттары мына салаларда іске асырылатын жобалар болып табылады:

  • машинажасау;
  • металлургия мен металлөңдеу;
  • химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп;
  • құрылыс материалдарын өндіру;
  • жеңіл және ағашөңдеу өнеркәсібі;
  •  көлік және қоймалау;
сондай-ақ мыналарға бағытталған жобалар:
1) инфрақұрылым объектілерін (энергетикалық, көлік, телекоммуникациялық) дамыту;
2) импорттың орнын басу бойынша өнеркәсіптік өндірістер құру;
3) қазақстандық жоғары технологиялық өнімді халықаралық нарықтарда жылжыту;
4) Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамыту.

  + 7 (7172) 79-05-45